АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Биылғы жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан 3,48 млрд долларға сауда жасады, деп хабарлайды Upl.uz.
Жалпы ЕАЭО елдерінің Өзбекстанмен тауар айналымы 14,26 миллиард долларға жетті, импорт экспорттан екі есе көп.
"2025 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейін Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен сыртқы сауда айналымы 14,26 миллиард долларды құрады. Бұл сома осы кезеңдегі елдің жалпы сыртқы саудасының 23,9%-ына тең", - деп жазды портал.
Өзбекстанның ЕАЭО елдерінен импорты 9,38 миллиард долларға жетті. Өзбекстанның ЕАЭО-ға экспорты небәрі 4,88 миллиард долларды құрады.