Ресей мен Армения арасындағы теміржол қатынасы ЕАЭО нарығының мүмкіндігін арттырады

© Photo : АкордаАстық
Астық - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2025
Жазылу
Арменияға жеткізілген алғашқы жүк ресейлік астық болды
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Әзербайжан мен Грузия арқылы Ресей мен Армения арасында тікелей теміржол қатынасының ашылуына қатысты пікір білдірді.
Ол жаңа бағыт Ресейдің Оңтүстік Кавказ мемлекеттерімен көлік байланысын нығайтатынын, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің тауарларына армян нарығына қолжетімділікті арттыратынын және армян өндірушілері үшін Одақ нарығына қолжетімділікті жақсартатынын айтты.

"Армения Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет біздің елдеріміз арасында тікелей теміржол қатынасы бар. Бұл оқиға Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнатуға қосқан нақты үлес, аймақтық тұрақтылық пен аймақтағы барлық елдің экономикалық дамуы үшін атқарған жұмысымыздың дәлелі", - деді Оверчук.

Оверчук алғашқы жүктің ресейлік астық болуы да жақсы белгі екенін айтты.
Оның пікірінше, бұл Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнатуға және қақтығыстан ынтымақтастыққа көшуге деген ортақ ұмтылысты тағы да көрсетеді.
Министр транспорта ЕЭК Арзыбек Кожошев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
ЕАЭО энергетика секторының келешегі Абу-Дабиде талқыланды
Жаңалықтар
0