Шымкентте алаяқ жүкті әйелдерді "жұмысқа тұрғызу" арқылы байып алған

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Шымкентте алаяқ жүкті әйелдерді "жұмысқа тұрғызып", олардың декреттік төлемін заңсыз иемденген, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Ол жеке кәсіпкерлердің электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланған.
"Күдікті жеке кәсіпкерлердің электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырған. Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған", - дейді ведомство.
Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.
Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тергеуге жіберілген.
Әлем
Толықша келген әйел жүктімін деп жұртты алдап, декреттік демалысқа шыққан