Әлем

Толықша келген әйел жүктімін деп жұртты алдап, декреттік демалысқа шыққан

CC0 / / жүктілік
жүктілік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есепші әйел өзінің толықтығын алаяқтық мақсатта пайдаланудың амалын тапқан

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Камчаткадағы Ключи селосының тұрғыны декреттік демалысқа шығып, оның ақшасын алу үшін жұртты жүктімін деп алдап соққан, деп хабарлайды Камчатка ауданаралық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте алты адамды тақырға отырғызған алаяқ Астанада ұсталды

Прокуратура анықтағандай, 31 жастағы есепші жүкті әйел ретінде есепке тұру үшін аудандық ауруханаға акушер-гинекологтың қабылдауына барған. Толық әйелді қарап шыққаннан кейін дәрігер "мерзімі белгісіз жүктілік" деген алдын ала диагноз қойып, оны анализдер тапсырып, УЗИ-ден өтуге жібереді. Әрине, ол тексерістен өтпейді, бірақ белгіленген уақытта 9 тамызда еңбекке жарамсыздық парағын алуға келеді. Екінші рет әйелді дәрігер үстіртін қарап шығады,ал осы уақытта тағы салмақ қосқан келіншек оны жүкті екеніне сендірген.  

2017 жылдың 9 тамызы мен 26 желтоқсаны аралығына берілген еңбекке жарамсыздық парағын әйел жұмыс орнына беріп, 263 мың рубль көлемінде декрет ақшасын алып, демалуға тартып отырады. 

Рәсім орындау сәті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда дуаны "шешкен" алаяқ әйел ұсталды

Қазан айында әйелдің туу мерзімі өтіп кеткеннен кейін медициналық мекеме дәрігерге келмеген "жүкті" келіншектің денсаулығына алаңдап, прокуратурадан көмек сұрайды. Медициналық қызметкерлерге ол есігін ашпай қойған. 

Тексеріс барысында әйелдің жүкті емес екені, бірақ осы уақытқа дейін демалыста екені анықталады. Прокурорға түсініктеме берген есепші төрт рет аяғы ауыр болғандықтан жүктілік белгілерін жақсы білетінін пайдаланып, тамызда дәрігерді алдап, еңбекке жарамсыздық парағын алғанын мойындады. 

Полиция әйелдің үстінен "Ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 100-ден 500 мың рубльге дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе бір жарым жылға дейін бостандығы шектеледі. Заңсыз алған ақшаны да қайтаруға тура келеді. 

 

 

Жаңалықтар
0