Атырауда боди-массаж жасайтын әйел клиентті пышақтап өлтірді

Қылмыстық іс пәтерлердің бірінде болған
Sputnik
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Атырауда қызметін пайдалануға келген адамды өлтірген боди-массажистің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық іс пәтерлердің бірінде болған.
"Әйел мен ер адам арасында жанжал туындап, боди-массажист клиентке дене жарақатын салған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Күдікті қамауға алынған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қарап жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді