https://sputnik.kz/20251101/soltustik-qazaqstan-oblysynda-auyl-turgyny-fermerdi-atyp-oltirdi-58391563.html
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылында 22 жастағы тұрғын фермерді атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik... 01.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-01T18:02+0500
2025-11-01T18:02+0500
2025-11-01T20:27+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43775837_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_1729fd0710c97693949574dce55af3d7.jpg
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылында 22 жастағы тұрғын фермерді атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы оқиға 31 қазанда түнгі сағат он шамасында болған. 22 жастағы тұрғын ішімдік ішкені күйі "БурБат" ЖШС директорына келіп, жалақы бойынша қарызды беруді сұраған. Директор жұмысшының бұл әрекетіне ашу шақырып, оқтаулы мылтығымен үйден шыққан. Ойы жұмысшыны қорқыту болған. Алайда жігіт мылтықты тартып алып, басшысына оқ атады. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне қайғылы оқиғаның болғанын растады. "22 жастағы күдікті ұсталды. Тимирязев ауданы Докучаево ауылының 52 жастағы тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталады", - дейді полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20251030/almatyda-anasyn-oltirdi-degen-kudikpen-uly-ustaldy-58313295.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43775837_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b7e1d843eb59d2b8f8a4f62c4e29dbb9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді
18:02 01.11.2025 (жаңартылды: 20:27 01.11.2025) АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылында 22 жастағы тұрғын фермерді атып өлтірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы оқиға 31 қазанда түнгі сағат он шамасында болған. 22 жастағы тұрғын ішімдік ішкені күйі "БурБат" ЖШС директорына келіп, жалақы бойынша қарызды беруді сұраған. Директор жұмысшының бұл әрекетіне ашу шақырып, оқтаулы мылтығымен үйден шыққан. Ойы жұмысшыны қорқыту болған. Алайда жігіт мылтықты тартып алып, басшысына оқ атады. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Sputnik Қазақстан тілшісіне қайғылы оқиғаның болғанын растады.
"22 жастағы күдікті ұсталды. Тимирязев ауданы Докучаево ауылының 52 жастағы тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталады", - дейді полиция департаменті.