Зауыттағы төтенше жағдай: Таразда ақ түтін мен қызыл жалын аспанға көтерілді

Кәсіпорын қызметкерлері өртті өз күшімен сөндірді
Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Тараз қаласына жақын орналасқан фосфор зауытында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, цехта сары фосфор тасымалдау ыдысына құю кезінде төгіліп кеткен. Фосфор ауадағы оттегімен әрекеттесіп, аспанға ақ түтін мен қызыл жалын көтерілген.
Кәсіпорын қызметкерлері өртті өз күшімен сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар депаратментінің мамандары да барды. Олар оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
"Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ. Осы оқиға бойынша ақпарат экология департаментіне және тиісті органдарға шара қабылдау үшін жолданды", - дейді құтқарушылар.
Шатыр қабыршақтанған: "Қазақмыста" төтенше жағдай болды