Павлодар облысында 56 жолаушы мінген автобус аударылып кетті

Оқиға Шідерті – Астана тас жолында болды
Sputnik
АСТАНА, 8 қараша - Sputnik. Павлодар облысында жолаушылар автобусы аударылып кетті.

Оқиға Шідерті – Астана тас жолында болған.

Полицияның мәліметінше, автобус жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.
Автобуста 56 жолаушы болған.

"Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алтауы түрлі жарақат алды", - дейді полиция.

Зардап шеккендердің бір бөлігі ауруханаға жеткізілді.
Астанадағы автобус апаты: зардап шеккен қыз бен анасына жәрдемақы төленеді