Астанадағы автобус апаты: зардап шеккен қыз бен анасына жәрдемақы төленеді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Жәрдемақы сомасы нақты мүгедектіктің санатына қарай анықталады
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Астанадағы жол апатынан екі аяғынан айырылған қызға қандай әлеуметтік төлем берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиғадан кейін қыздың анасы жұмыстан кетуге мәжбүр болды. Себебі қызына үнемі күтім керек.
Виктория Шегайдың айтуынша, қазіргі емдеу және оңалту шараларынан кейін мүгедектіктің нақты деңгейі белгіленеді.

"Мүгедектік берілгеннен кейін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Бұдан бөлек, анасына мүгедек балаға қарап жүргені үшін жәрдемақы төленеді", - деді Шегай үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, екі аяғынан айырылған қыздың жәрдемақы сомасы нақты мүгедектіктің санатына қарай анықталады.
Еске сала кетейік, кеше Астана қаласының әкімдігі қыздың отбасына төрт бөлмелі пәтердің берілетінін хабарлады.
"Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, 7 жасар қызға сақтандыру төлемі беріледі. Оның көлемі шамамен 20 млн теңге. Бұдан бөлек, әкімдік тағы 20 млн теңге беретінін айтты.
Жаңалықтар
0