Астанада тұрғын үй қасбеті мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті

Оқиға Тәуелсіздік даңғылында болған
Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Астанада 9 қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы мен онда орналасқан кондиционер опырылып түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға Тәуелсіздік даңғылында болған. Опырылып түскен үйдің қаптамасы мен кондиционер бірінші қабаттағы дүкеннің кіреберісіне құлап, 150 шаршы метрге шашырап кетті.
"Құтқарушылар қасбеттің одан әрі құлау қаупін жойды. Ал зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - делінген ресми хабарламада.
Төтенше жағдай кезінде бес адам зардап шеккен. Қазіргі кезде оқиға орнында бөлшектеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Павлодарда салынып жатқан ғимарат құлады: үйінді астынан ер адамның денесі табылды