АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданының Бесқоспа ауылында ер адам келінін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 22 жастағы келіншек күйеуінің өгей әкесінен "зорлық көрдім" деп шағым түсірген. Келін мен қайын атасы бір үйде тұрған.
"Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр", - дейді полициядағылар.
Жәбір көрген келіншектің екі баласы - 3 жастағы және қырқынан шықпаған нәрестесі бар. Күдікті – енесінің 53 жастағы күйеуі. Енесі бірінші жолдасы қайтыс болғаннан кейін екінші рет тұрмыс құрған.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы босанды. Күдікті ретінде 64 жастағы туысқан атасы ұсталды.