Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы ұсталды

Ол көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүрген
Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында қырағы полицейлер халықаралық іздеудегі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді.
"Алматы – Ташкент" автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция жасағы бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi автокөлігін тоқтатқан.
"Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Кордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен ол Қырғыз Республикасы милициясының өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды.
Талдықорғанда 17 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды