Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Жазылу
Ол көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүрген
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында қырағы полицейлер халықаралық іздеудегі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді.
"Алматы – Ташкент" автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция жасағы бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi автокөлігін тоқтатқан.
"Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Кордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен ол Қырғыз Республикасы милициясының өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Талдықорғанда 17 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0