АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. "Qazaq Air" компаниясы "Атырау – Орал – Атырау" бағыты бойынша рейстерді орындауды тоқтатады, деп хабарлайды хабарлайды әуе компаниясы.
Қолданыстағы тарифтер тіпті маусымдық сұранысы бар жазғы кезеңде де тікелей операциялық шығындарды жаппаған.
"Сонымен қатар баламалы көлік түрлері — автобустардың, теміржолдың және автотасымалдаудың онлайн-сервистерінің құнының едәуір төмен болуына байланысты жолаушылар көбінесе осы қозғалыс көліктерін таңдайды", - дейді компаниядағылар.
Әуе компаниясы жолаушы санын арттыру үшін арнайы тарифтер мен маркетингтік акциялар өткізген. Алайда пайда болмаған, яғни бағыт өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жете алмаған.
Сонымен қатар маршруттың экономикалық көрсеткіштеріне межелі әуежай тарифтерінің ұлғаюы және валюта бағамының ауытқуы да әсер еткен.