Шығынды ақтамайды: Атырау - Орал бағытындағы рейстер тоқтайды

© Photo : Пресс-служба Qazaq AirQazaq Air ұшағы
Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Жазылу
Қолданыстағы тарифтер тіпті маусымдық сұранысы бар жазғы кезеңде де тікелей операциялық шығындарды жаппаған
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. "Qazaq Air" компаниясы "Атырау – Орал – Атырау" бағыты бойынша рейстерді орындауды тоқтатады, деп хабарлайды хабарлайды әуе компаниясы.
Қолданыстағы тарифтер тіпті маусымдық сұранысы бар жазғы кезеңде де тікелей операциялық шығындарды жаппаған.
"Сонымен қатар баламалы көлік түрлері — автобустардың, теміржолдың және автотасымалдаудың онлайн-сервистерінің құнының едәуір төмен болуына байланысты жолаушылар көбінесе осы қозғалыс көліктерін таңдайды", - дейді компаниядағылар.
Әуе компаниясы жолаушы санын арттыру үшін арнайы тарифтер мен маркетингтік акциялар өткізген. Алайда пайда болмаған, яғни бағыт өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жете алмаған.
Сонымен қатар маршруттың экономикалық көрсеткіштеріне межелі әуежай тарифтерінің ұлғаюы және валюта бағамының ауытқуы да әсер еткен.
Церемония встречи первого рейса авиакомпании FlyArystan в международном аэропорту Еревана (столица Армении) Звартноц - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
Алматыдан Құлжаға ұшатын рейстер саны көбейеді
Жаңалықтар
0