Павлодар мен Абай облыстары арасындағы жолдар жабылды

Жолды 05 қараша күні сағат 07:30-да ашу жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Павлодар мен Абай облыстары арасындағы республикалық маңызы бар жолда шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Павлодар полиция департаментінің мәліметінше, шектеу көліктің барлық түріне қатысты.
"4 қарашада сағат 20-30 ауа райының нашарлауына байланысты "ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Семей – Павлодар – РФ шекарасы арасындағы республикалық маңызы бар автожолға шектеу енгізілді. Көліктің барлық түріне бұл учаскемен жүруге болмайды", - дейді ведомстводағылар.
Павлодар облысы:
"ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы" 427-587 шақырым "Кенжекөл ауылы мен Абай облысы шекарасы).
Абай облысы:
"ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы" 587-733 шақырым (Павлодар облысы шекарасы - Семей қаласы).
Жолды 05 қараша күні сағат 07:30-да ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, ауа райының күрт нашарлауына байланысты жол қызметі күшейтілген режимге көшті.
Шығыс Қазақстандағы асуда қыстың аяғына дейін шектеу енгізіледі