АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Алматы – Бішкек тасжолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті.
"Алматы-Бішкек тасжолының 41-ші шақырымында Lexus RX300 көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Camry автомобильдерімен соқтығысқан", - дейді ведомство.
Үш көліктегі 8 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.