АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Запорожье АЭС-індегі "Ферросплавная-1" резервтік желісіне жөндеу жұмыстары кезінде қосымша зақым келгені анықталды, деп хабарлады Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ).
"Сыртқы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары кезінде... МАГАТЭ "Ферросплавная-1" резервтік желісіне қосымша зақым келгенін растады", - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.
23 қыркүйекте Запорожье АЭС-інде УҚК оқ жаудырғаннан кейін сыртқы электрмен жабдықтау үзілді, салдарынан 750 кВ-тық "Днепровская" электр беру желісі істен шықты. Запорожье АЭС-індегі "Ферросплавная-1" резервтік желісі одан да ертерек, 7 мамырда тоқтатылған.