https://sputnik.kz/20241105/zaporozhe-aes-in-atqylau-orny-tolmas-zardap-akelui-mumkin--resey-qorganys-ministrligi-48301564.html
Запорожье АЭС-ін атқылау орны толмас зардап әкелуі мүмкін – Ресей қорғаныс министрлігі
Запорожье АЭС-ін атқылау орны толмас зардап әкелуі мүмкін – Ресей қорғаныс министрлігі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. 2022 жылы Украина қарулы күштері Запорожье атом электр станциясының нысандарына артиллерия мен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану... 05.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-05T15:44+0500
2024-11-05T15:44+0500
2024-11-05T15:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/02/27243646_0:177:3072:1905_1920x0_80_0_0_710e8f12cd62ea3c822f166783cda360.jpg
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. 2022 жылы Украина қарулы күштері Запорожье атом электр станциясының нысандарына артиллерия мен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану арқылы 49 мәрте соққы жасады, деп мәлімдеді Ресей Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің бастығы генерал-лейтенант Игорь Кириллов.Оның айтуынша соққылар ядролық реакторларға, жаңа және пайдаланылған ядролық отынды сақтайтын қоймаларға, сондай-ақ басқа да маңызды инфрақұрылымдық нысандарға бағытталған.Осы шабуылдардың салдарынан станция бес рет электр қуатынсыз қалып, техногендік апат қаупі туындапты.Оның айтуынша станция қызметкерлері тұратын өнеркәсіп алаңы мен Энергодар спутниктік қалашығына шабуылдар әлі де жалғасып жатыр."Қала тұрғындарына үнемі психологиялық қысым жасалады. Киевтің бақылауындағы аумақтарда тұратын станция қызметкерлерінің туыстарына қоқан-лоққы жасалып жатыр", - деді Игорь Кириллов.Сарапшылардың пікірінше маңызды инфрақұрылымдық нысандарды атқылау Чернобыль АЭС-і мен "Фукусима-1" атом электр станциясындағы апаттармен бірдей салдарға әкелуі мүмкін. Чернобыль апатының салдарынан Еуропаның 17 елінің 20 мың шаршы шақырымнан астам аумағы радиоактивті материалдармен ластанған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/02/27243646_263:0:2994:2048_1920x0_80_0_0_744bbd4f6744c2315b0857a240350aed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. 2022 жылы Украина қарулы күштері Запорожье атом электр станциясының нысандарына артиллерия мен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану арқылы 49 мәрте соққы жасады, деп мәлімдеді Ресей Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің бастығы генерал-лейтенант Игорь Кириллов.
Оның айтуынша соққылар ядролық реакторларға, жаңа және пайдаланылған ядролық отынды сақтайтын қоймаларға, сондай-ақ басқа да маңызды инфрақұрылымдық нысандарға бағытталған.
Осы шабуылдардың салдарынан станция бес рет электр қуатынсыз қалып, техногендік апат қаупі туындапты.
"Алғашында Украина Қарулы Күштерінің станцияны атқылауы халықаралық қауымдастықты алаңдатпады, өйткені Кембридж университеті мамандарының қорытындысы бойынша радиациялық ластану қаупі төмен болды. Біздің мамандар жүргізген радиациялық зерттеуден соң апат болған жағдайда радиоактивті заттар бүкіл еуропаға таралатыны белгілі болды. Осыдан кейін ғана МАГАТЭ сарапшылары станцияға келіп, атқылау тоқтатылды", - деді Игорь Кириллов.
Оның айтуынша станция қызметкерлері тұратын өнеркәсіп алаңы мен Энергодар спутниктік қалашығына шабуылдар әлі де жалғасып жатыр.
"Қала тұрғындарына үнемі психологиялық қысым жасалады. Киевтің бақылауындағы аумақтарда тұратын станция қызметкерлерінің туыстарына қоқан-лоққы жасалып жатыр", - деді Игорь Кириллов.
Сарапшылардың пікірінше маңызды инфрақұрылымдық нысандарды атқылау Чернобыль АЭС-і мен "Фукусима-1" атом электр станциясындағы апаттармен бірдей салдарға әкелуі мүмкін. Чернобыль апатының салдарынан Еуропаның 17 елінің 20 мың шаршы шақырымнан астам аумағы радиоактивті материалдармен ластанған.