Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті

Таныс адамдардың арасында келіспеушілік туындап, арты төбелеске ұласқан
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты Астанада өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай келіспеушіліктен болған.

"Таныс адамдардың арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Алған жарақат салдарынан 56 жастағы ер адам қайтыс болды", - дейді Астана қаласының полиция департаменті.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ержан Бабақұмаров 2019–2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін президенттің кеңесшісі, мәдениет және ақпарат вице-министрі болған. Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеді. Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.
Қарағандыда ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін өлтіріп алды