Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті

Ержан Бабақұмаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Жазылу
Таныс адамдардың арасында келіспеушілік туындап, арты төбелеске ұласқан
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты Астанада өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай келіспеушіліктен болған.

"Таныс адамдардың арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Алған жарақат салдарынан 56 жастағы ер адам қайтыс болды", - дейді Астана қаласының полиция департаменті.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ержан Бабақұмаров 2019–2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін президенттің кеңесшісі, мәдениет және ақпарат вице-министрі болған. Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеді. Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.
Топарская ГРЭС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Қарағандыда ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін өлтіріп алды
Жаңалықтар
0