АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды, деп хабарлады ұлттық олимпиада комитеті.
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды.
Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.
Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.