Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды

Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды
Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды, деп хабарлады ұлттық олимпиада комитеті.
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды.
Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды
Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медальға ие болды
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.
Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.
ТМД ойындарындағы нәтиже - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Инфографика
ТМД елдері ойындары: Қазақстан 82 медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0