Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты жарылды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ.
"Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппараты жарылған
Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады.
Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында дрон зауыты салынады