АСТАНА, 22 қазан - Sputnik. НАТО бас хатшысы Марк Рютте сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінде еуропалықтар мен Киев режимінің Украинадағы қақтығысты тоқтату жоспарын ұсынады, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.
Трамптың бұрын жарияланған кестесіне сәйкес, оның Рюттемен кездесуі жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-ге жоспарланған және жабық есік жағдайында өтеді.
"Рютте президент Трампқа 12 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын ұсынбақ. Еуропа мен Украина әзірлеген жоспар қазіргі майдан шебінедегі атысты тоқтатуды қарастырады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Баспасөз қызметінің НАТО ресми өкіліне сілтеме жасай отыра хабарлауынша, Ресей мен альянстың еуропалық мүшелері арасындағы "әскери шиеленістің ушығуы жағдайында" Рютте Трамппен альянстың Украинаға қолдау көрсетуін және АҚШ-тың қақтығысты бейбіт жолмен шешуге күш салуын талқыламақшы.
Бұған дейін Telegraph газеті ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Еуропа елдері мен Киевтің украиналық қақтығысты реттеу жоспары Трамптың Газа секторындағы жағдайды реттеу жоспары үлгісінде жасалғанын жазды.