https://sputnik.kz/20250919/men-oylagannan-qiyn-boldy-tramp-ukrainadagy-qaqtygys-zhoninde-aytty-57208923.html
"Мен ойлағаннан қиын болды": Трамп Украинадағы қақтығыс жөнінде айтты
"Мен ойлағаннан қиын болды": Трамп Украинадағы қақтығыс жөнінде айтты
Sputnik Қазақстан
Бірақ мен көп қиын іске кіріскенмін, дейді АҚШ президенті 19.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-19T14:53+0500
2025-09-19T14:53+0500
2025-09-19T14:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/08/10/56403447_0:0:1779:1000_1920x0_80_0_0_2d3daa364b4a01c8319cd5d6c7549416.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты шешу ол күткеннен де қиын болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.Трамп еуропалық елдердің Ресей мұнайының ең ірі импорттаушысы болып табылатын Қытайға қарсы санкциялар немесе тарифтер енгізуі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға көмектесуі мүмкін деп болжады."Егер олар Қытайға қарсы санкциялар немесе тарифтер енгізсе, қақтығыс аяқталуы мүмкін. Өйткені Қытай ресейлік мұнайдың ең ірі импорттаушысы", - деді ол.Трамп Вашингтонның НАТО және Еуроодақтағы одақтастарының ресейлік мұнайды сатып алатынын білгенде , бұл жағдайға "көңілі толмағанын" баса айтты.Өткен аптада Ақ үй басшысы НАТО-ның барлық елі ресейлік мұнайды сатып алудан бас тартса, Мәскеуге қарсы ауқымды санкциялар салуға дайын екенін мәлімдеді. Трамп сонымен бірге альянсты Қытайдан келетін тауарларға 50-100 пайыздық баж салығын енгізуге шақырды. Оның айтуынша, бұл Украинадағы қақтығысты тоқтатуда үлкен рөл атқарады.
https://sputnik.kz/20250912/tramp-reseyge-qarsy-yqtimal-sanktsiyalar-turaly-aytty-57023408.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/10/56403447_0:0:1649:1236_1920x0_80_0_0_ccdaee45cdf5a6781c89ad15d6800c04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"Мен ойлағаннан қиын болды": Трамп Украинадағы қақтығыс жөнінде айтты
Бірақ мен көп қиын іске кіріскенмін, дейді АҚШ президенті
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты шешу ол күткеннен де қиын болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Бұл мен ойлағаннан да қиын болды. Бірақ мен көп қиын іске кіріскенмін", - деді Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.
Трамп еуропалық елдердің Ресей мұнайының ең ірі импорттаушысы болып табылатын Қытайға қарсы санкциялар немесе тарифтер енгізуі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға көмектесуі мүмкін деп болжады.
"Егер олар Қытайға қарсы санкциялар немесе тарифтер енгізсе, қақтығыс аяқталуы мүмкін. Өйткені Қытай ресейлік мұнайдың ең ірі импорттаушысы", - деді ол.
Трамп Вашингтонның НАТО және Еуроодақтағы одақтастарының ресейлік мұнайды сатып алатынын білгенде , бұл жағдайға "көңілі толмағанын" баса айтты.
"Маған бұл іске араласып, өздеріңіз білетіндей, Үндістанға қарсы қатаң позиция ұстануға тура келді,. Өйткені олар Ресейден мұнай сатып алды", - деді Трамп.
Өткен аптада Ақ үй басшысы НАТО-ның барлық елі ресейлік мұнайды сатып алудан бас тартса, Мәскеуге қарсы ауқымды санкциялар салуға дайын екенін мәлімдеді. Трамп сонымен бірге альянсты Қытайдан келетін тауарларға 50-100 пайыздық баж салығын енгізуге шақырды. Оның айтуынша, бұл Украинадағы қақтығысты тоқтатуда үлкен рөл атқарады.