Бірнеше жолда ауа райына байланысты жылдамдыққа шектеу қойылды

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Қалың тұман салдарынан Солтүстік Қазақстанның бірнеше жолында жылдамдыққа шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасындағы күре жолдарда жылдамдық режиміне шектеу қойылды.
"Ақмола облысында ауа райы нашарлап, қалың тұманнан көру деңгейі нашарлады. Сол себепті Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы тасжолының 144-180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық режиміне уақытша шектеу енгізілді", - деп жазды компания.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырды. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бір түннің ішінде жол апатында 15 адам қаза тапты