Sputnik Әзербайжан редакциясының басшысы қамаудан босатылды

Бұған дейін Игорь Картавыхтың үйқамаққа ауыстырылғаны хабарланған болатын
Sputnik
АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Sputnik Әзербайжан редакциясының басшысы Игорь Картавых қамаудан босатылып, Ресейге ұшып шықты, деп хабарлайды РИА Новости РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захароваға сілтеме жасап.
"Картавых қамаудан босатылып, Ресейге ұшып шықты", - деді ол.
Бұған дейін Игорь Картавыхтың тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылғаны хабарланған болатын.
30 маусымда Әзербайжан билігі Sputnik Әзербайжан агенттігінде жеті адамды ұстады. Sputnik Әзербайжан редакциясының басшысы Игорь Картавих пен шеф-редакторы Евгений Белоусов төрт айға қамауға алынған болатын.
Ресей мен Әзербайжан президенттері Ақтаудағы ұшақ апатын талқылады