Ресей мен Әзербайжан президенттері Ақтаудағы ұшақ апатын талқылады

© МЧС Республики Казахстан / Медиабанкке өтуАқтаудағы ұшақ апаты
Ақтаудағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Ресей президенті "Орталық Азия - Ресей" саммитіне қатысу үшін Душанбеге барған болатын
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. AZAL ұшағының апатқа ұшырауына аспанда украиналық ұшқышсыз ұшақтың болуы себеп, деді Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесуінде, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұшақ құлаған күні Ресей Украинаның үш ұшқышсыз ұшағын бақылауда ұстап отырған, олар Ресей шекарасын кесіп өткен, деп хабарлады Путин.
Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бағыттаған екі зымыран AZAL ұшағына тікелей тимей, бірнеше метр жерде жарылған.
AZAL ұшағына оқ-дәрі емес, оның сынықтары түскен болуы мүмкін.
AZAL ұшағы экипажына Махачкалаға қонуды ұсынылған, бірақ олар межелі әуежайына жету керек деп шешкен. Ресей AZAL ұшағының апатына байланысты барлық шенеуніктердің әрекетіне құқықтық баға береді.
Ильхам Әлиев Владимир Путинге AZAL ұшағының апатқа ұшырау себептерін тергеуді жеке бақылағаны үшін алғыс айтты.
"Осы жағдайды жеке бақылауда ұстап отырғаныңыз үшін алғыс айтқым келеді... Тергеу барысын өзіңіз қадағалап отырсыз", - деді Әлиев Путинмен кездесуінде.
Ол Ресей президентінің жеке бақылауындағы тергеу AZAL ұшағының апатқа ұшырау себептерін әділ түрде анықтайтынына сенетінін мәлімдеді.
Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстанда, Ақтау маңында Әзербайжан ұшағы құлады. Оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Ақтаудағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Ақтаудағы ұшақ апаты: министр тергеу қай сатыда тұрғанын айтты
Жаңалықтар
0