Түркістан облысында полиция қызметкерлері қамауға алынды

Басқа да жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс басталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Түркістан облысында екі полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми түсініктемесіне сілтеме жасап.
"Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Түркістан облысы өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесіп, құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен полиция департаментінің екі қызметкерін ұстап, жауапқа тартып жатыр", - дейді ведомство.
Полиция күдіктінің қашып кеткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Облыстық полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен екі қызметкер де теріс себептермен жұмыстан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Басқа да жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс басталды.
Полиция департаменті қызметкерлердің не үшін ұсталғанын айтпады.
Оралда полицей мас күйінде ұсталды – сот үкімі жарияланды