Қазақстанда қой мен ешкіні әкетуге енгізілген шектеу мерзімі ұзартылады

Бұйрық жобасы 21 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қазан — Sputnik. Қазақстан қой мен ешкіні әкетуге енгізілген шектеу мерзімін ұзартады.
Бұйрықтың жобасын ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.
Бұйрыққа орай ЕАЭО елдеріне және басқа мемлекеттерге төрт айдан асқан 120 мыңнан астам қой мен ешкіні экспорттауға алты айға тыйым салынады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше сәуір айының соңында енгізілген шектеулер Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл шектеу ел ішіндегі кәсіпорындардың жүктемесін арттыру үшін тағы 6 айға ұзартылады.
Бұйрық жобасы 21 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Енді Қазақстан Иранға тұяқты жануарлардың терісі мен қой жүнін экспорттай алады