Енді Қазақстан Иранға тұяқты жануарлардың терісі мен қой жүнін экспорттай алады

© Photo : Telegram-канал AgropresskzФерма
Ферма - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Иран сонымен қатар қазақстандық сиыр мен қой етін жеткізу мерзімін – салқындатылған ет үшін 6 күнге дейін және мұздатылған ет үшін 10 күнге дейін ұзартты
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Енді Қазақстан Иранға тұяқты жануарлардың терісі мен қой жүнін жеткізе алады.
Елдер бұл өнімдерге қатысты ветеринариялық сертификаттарға қол қойды.
Иран сонымен қатар қазақстандық сиыр мен қой етін жеткізу мерзімін – салқындатылған ет үшін 6 күнге дейін және мұздатылған ет үшін 10 күнге дейін ұзартты.
Иран ЕАЭО еркін сауда аймағына 15 мамырда қосылды. Оның құрамына кеше Қазақстан кейінгі 8 жылда алғаш рет бидай партиясын жіберген Вьетнам, Сербия мен Сингапур да кіреді.
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
ЕАЭО: астықтың сапасы жаңа жолмен айқындалады
Жаңалықтар
0