Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуы мүмкін

Бұл тыйымның негізгі мақсаты - отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау
Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуды көздеп отыр.
Тиісті бұйрықты ауыл шаруашылығы министрлігі "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жариялады.
"Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын әкелуге бір айға тыйым салу көзделген", - делінген құжатта.
Бұл тыйым Қазақстан арқылы транзитке, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен Қазақстан арқылы одаққа мүше басқа мемлекетке тасымалдануына қатысты емес.
Министрлік бұл тыйымның негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау екенін хабарлады.
Елде жұмыртқа арзандап жатыр - Сауда комитеті