Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуы мүмкін

© Photo : Unsplash / Raiyan ZakariaТауық жұмыртқасы
Тауық жұмыртқасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Бұл тыйымның негізгі мақсаты - отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қазақстан тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуды көздеп отыр.
Тиісті бұйрықты ауыл шаруашылығы министрлігі "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жариялады.
"Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын әкелуге бір айға тыйым салу көзделген", - делінген құжатта.
Бұл тыйым Қазақстан арқылы транзитке, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен Қазақстан арқылы одаққа мүше басқа мемлекетке тасымалдануына қатысты емес.
Министрлік бұл тыйымның негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау екенін хабарлады.
Тауық жұмыртқасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Елде жұмыртқа арзандап жатыр - Сауда комитеті
Жаңалықтар
0