Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Сенаторлар қаулыны бірауыздан мақұлдады
Sputnik
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары Жоғарғы соттың үш судьясын орнынан босатуға қаулы шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаулыға сәйкес, судьялар Ғабит Әлжанов, Роза Жакудина мен Тыныштық Молдахметова орнынан түсуіне байланысты қызметінен босатылып отыр. Сенаторлар қаулыны бірауыздан мақұлдады.
Айта кетері, заң бойынша сенат Жоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды және қызметінен босатады.
Жоғарғы сот судьясы отставкаға кетті