Трамп Венгрияда Путинмен кездесетінін мәлімдеді

Трамп кездесудің қашан өтетінін нақтыламады
Sputnik
АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путинмен Венгрия астанасы Будапеште кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Президент Путин екеуміз келісілген жерде – Венгрияда, Будапеште кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтата аламыз ба, жоқ па, соны талқылаймыз", - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Трамп Ресей басшысымен қашан кездесуді жоспарлап отырғанын нақтыламады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Путиннің Украинадағы қақтығысты шешуге деген ұмтылысына сенетінін айтты