Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Путиннің Украинадағы қақтығысты шешуге деген ұмтылысына сенетінін айтты

© POOLВладимир Путин және Дональд Трамп
Владимир Путин және Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Жазылу
Оның айтуынша, украиналық қақтығыс "салыстырмалы түрде оңай шешлетін мәселе" болып табылады
АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей билігі Украинадағы қақтығысты шешуге ниетті деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Менің ойымша, президент Владимир Путин мұның жүзеге асқанын қалайды", - деді Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, украиналық қақтығыс "салыстырмалы түрде оңай шешлетін мәселе" болып табылады.
Сонымен қатар Дональд Трамп Украинаның ұзақ қашықтықтағы қару-жарақ туралы өтініштерін мақұлдау немесе мақұлдамауды алдағы уақытта шешетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Трамп Владимир Зеленскиймен 17 қазанда Ақ үйде кездесуді жоспарлап отырғанын растады. Зеленский өз кезегінде америкалық көшбасшымен ұзақ қашықтыққа ұшатын қаруды қайта сұрау үшін кездесуге үміттенетінін мәлімдеді.
"Олар шабуылға шыққысы келеді, мен бұл туралы шешім қабылдаймын", - деді Трамп журналистерге Зеленскиймен алдағы кездесуге түсініктеме бере отырып.
Трамп бұған дейін Украинаға "Tomahawk" қанатты зымырандарын жеткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген, бірақ ол Киев режимінің оларды қалай пайдаланғысы келетінін түсінгісі келді.
Ресей президенті Владимир Путин Киевтің "Tomahawk" зымырандарын қолдануы Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтіретінін баса айтты. Ол бұл зымырандарды Украинада америкалық әскери қызметкерлердің тікелей қатысуынсыз пайдалану мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін аянбай жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді
Жаңалықтар
0