Әзербайжан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі
Sputnik
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.
"Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Жақында Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындық барысын талқылады.
Тоқаев пен Путин Қазақстан президентінің Ресейге жасайтын мемлекеттік сапарын талқылады