Әзербайжан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Жазылу
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.
"Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Жақында Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындық барысын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Тоқаев пен Путин Қазақстан президентінің Ресейге жасайтын мемлекеттік сапарын талқылады
Жаңалықтар
0