Шығыс Қазақстанда үздік бүркітші анықталды

Ұлан ауданындағы фестиваль "Бүркіт төбе" алаңында 3 күнге созылды
Sputnik
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында халықаралық "Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі мәресіне жетті.
Ұлан ауданындағы фестиваль "Бүркіт төбе" алаңында 3 күнге созылды.
Оған Қытай, Ресей, Испания, Мажарстан, Моңғолия, Қырғызстан және еліміздің әр өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. Ал жалпы жиналған жұрттың саны 10 мыңға жетті.
"Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі
Сондай-ақ "Бүркіт төбе" алаңында 40 киіз үйден құралған этноауыл тігілді.
Фестиваль қорытындысына сәйкес ителгі сайысы бойынша Ақмола облысынан Ерлан Кенжетаев, қаршыға және бүркіт сайыстарында Алматы облысынан Өмірхан Баетбай жеңімпаз атанды.
"Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі
Екінші орынды Жамбыл облысынан келген Берікболсын Бабажанға бұйырды. Үшінші орынды Жетісу облысынан келген Сәлімхан Ерғазыұлына мен Моңғолиядан келген Кенжебек Байдолдәулі бөлісті.
Әр жүлдегерге ақшалай сыйлық табысталды.
"Шығыс Салбурыны" Халықаралық фестивалі биыл бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Шығыс экономикалық форумында жыртқыш құстарды қорғау мәселелері талқыланды