Sputnik Әзербайжан редакциясының басшысына қатысты бұлтартпау шарасы өзгерді

30 маусымда агенттіктің жеті адамы негізсіз ұсталған болатын
Sputnik
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Sputnik Әзербайжан редакциясының басшысы Игорь Картавых үй қамағына ауыстырылды, ол қазір Бакуде, деп хабарлады РИА Новостиге "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев.
30 маусымда Әзербайжан билігі "Россия сегодня" медиа тобының құрамына кіретін Sputnik Әзербайжан агенттігінің жеті адамын негізсіз ұстаған болатын. Редакцияның басшысы Игорь Картавых және бас редактор Евгений Белоусов төрт айға қамауға алынған.
"Россия сегодня" медиа тобы Әзербайжан билігін өз қызметкерлерін босатуға және қолайсыз жағдайды дереу шешуге шақырды.
"Достық байланысты күшейтуге бағытталған": Киселев Әзербайжан билігіне үндеу жолдады