https://sputnik.kz/20250730/dostyq-baylanysty-kusheytuge-bagyttalgan-kiselev-azerbayzhan-biligine-undeu-zholdady-56022877.html
"Достық байланысты күшейтуге бағытталған": Киселев Әзербайжан билігіне үндеу жолдады
"Достық байланысты күшейтуге бағытталған": Киселев Әзербайжан билігіне үндеу жолдады
Sputnik Қазақстан
Ресей азаматтарының тергеу изоляторында отырғанына бір ай болды 30.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-30T11:00+0500
2025-07-30T11:00+0500
2025-07-30T11:00+0500
журналист
әзербайжан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1d/56020998_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_1fc5c5d13bec32e8001bfccf1b32d1bb.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. "Россия сегодня" медиатобының бас директоры Дмитрий Киселев екі ресейлік журналистің ұсталуына байланысты Әзербайжан билігіне үндеу жолдады.Оның айтуынша, журналистердің жұмысына объективті шағым болмаған жағдайда оларды қамауға алғандар ондай қадамның Ресей мен Әзербайжан арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастардың шиеленісіп кетуіне әкеліп соқтыратынын жақсы білді. "Қазір Игорь Картавых пен Евгений Белоусовты босатып, екі елдің қарым-қатынасын қалпына келтіру жолында елеулі қадам жасауға болады деп ойлаймын. Ондай қадамдар екі жақтан да қажет деген пікірмен де келісемін", - деп атап көрсетті "Россия сегодня" медиатобының бас директоры.Айта кетері, 30 маусымда Әзербайжан билігі Sputnik Әзербайжан агенттігінің жеті қызметкерін, соның ішінде редакция басшысы Игорь Картавых пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұстады. Оларға "ФҚҚ агенттері" деген айып тағылды. Кейін бес қызметкер босатылды. Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі Sputnik агенттігінің республикадағы жұмысын тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Ал Sputnik редакциясы Әзербайжанда жұмысқа ресми тыйым салынбағанын хабарлады. Осы уақыт ішінде екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жұмыс топтары арасында келіспеушіліктерді шешу бойынша диалог жүргізді.
https://sputnik.kz/20250712/kiselev-sputnik-azerbayzhanga-tagylgan-ayyptarga-tusinikteme-berdi-55599608.html
әзербайжан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1d/56020998_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_0fdc90dac7f18e18d9ba47997aec590e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист, әзербайжан, ресей
журналист, әзербайжан, ресей
"Достық байланысты күшейтуге бағытталған": Киселев Әзербайжан билігіне үндеу жолдады
Ресей азаматтарының тергеу изоляторында отырғанына бір ай болды
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. "Россия сегодня" медиатобының бас директоры Дмитрий Киселев екі ресейлік журналистің ұсталуына байланысты Әзербайжан билігіне үндеу жолдады.
"Бүгін біздің әріптестеріміз, Ресей азаматтары Игорь Картавых пен Евгений Белоусовтың негізсіз айыптаулармен Әзербайжанның тергеу изоляторында отырғанына тура бір ай болды. Агенттігіміздің, соның ішінде Sputnik бөлімшесінің редакциялық саясаты біз отырған елдермен қашанда достық және одақтастық байланыстарды күшейтуге бағытталған. Осыны тағы бір рет ерекше атап өткім келеді", - дейді Киселев.
Оның айтуынша, журналистердің жұмысына объективті шағым болмаған жағдайда оларды қамауға алғандар ондай қадамның Ресей мен Әзербайжан арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастардың шиеленісіп кетуіне әкеліп соқтыратынын жақсы білді.
"Қазір Игорь Картавых пен Евгений Белоусовты босатып, екі елдің қарым-қатынасын қалпына келтіру жолында елеулі қадам жасауға болады деп ойлаймын. Ондай қадамдар екі жақтан да қажет деген пікірмен де келісемін", - деп атап көрсетті "Россия сегодня" медиатобының бас директоры.
Айта кетері, 30 маусымда Әзербайжан билігі Sputnik Әзербайжан агенттігінің жеті қызметкерін, соның ішінде редакция басшысы Игорь Картавых пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұстады. Оларға "ФҚҚ агенттері" деген айып тағылды. Кейін бес қызметкер босатылды.
Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі Sputnik агенттігінің республикадағы жұмысын тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Ал Sputnik редакциясы Әзербайжанда жұмысқа ресми тыйым салынбағанын хабарлады. Осы уақыт ішінде екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жұмыс топтары арасында келіспеушіліктерді шешу бойынша диалог жүргізді.