АЛМАТЫ, 9 қазан - Sputnik. Астанада науқастардың 4 млн теңгесін жымқырған дәрігер сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Ол 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп уәде беріп, ақшаларын алған.
"Алаяқ-дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Алдап алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған", - дейді ведомство.
Айыпталушының кінәсі толық дәлелденіп, бас бостандығынан айырылды.
Материалдық шығын өндірілген.