Астанада ұлттық компанияға жұмысқа орналастыруды уәде еткен алаяқ сотталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Ол 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтірген
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Астанада пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған алаяқ сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Алаяқ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген.
Жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
"Мысалы, жәбірленуші кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады.
Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Астанада төмен пайызбен несие алып беруге уәде еткен алаяқ 5 млн теңгеге алдап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Астанада несие алып беруге уәде еткен алаяқ тұрғынды 5 млн теңгеге алдап кетті
Жаңалықтар
0