АЛМАТЫ, 9 қазан - Sputnik. Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трампқа Нобель сыйлығына үміткер болу туралы шарт қойды. Бұл туралы "Страна.ua" порталына сілтеме жасап РИА новости жазды.
"Егер Трамп атысты тоқтатуға қол жеткізсе, Украина оны марапатқа ұсынады деп мәлімдеді Зеленский", — делінген басылымда.
Сонымен қатар басылым Жоғарғы рада бір күн бұрын Ақ үйдің басшысын Нобель сыйлығына ұсыну туралы қаулы қабылдай алмағанын еске салды, өйткені жеткілікті дауыс жинай алмаған.
Ақпан айында Трамп бұл сыйлықты алуға лайық екенін айтқан болатын.