Талдықорғанда туған қызын 8 жыл зорлаған педофил өмір бойына сотталды

Ол қызын 8 жастан бастап зорлаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қазан – Sputnik. Талдықорғанда туған қызын бірнеше жыл зорлаған 39 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Жетісу облыстық соты.
Қылмыскер жантүршігерлік әрекетін қызының 8 жасынан бастап 8 жыл бойы жасап келген.

"Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодексті 121-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Бас бостандығынан айыру орны бойынша химиялық кастрация жасалады", - дейді ведомство.

4 баланың әкесі жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді.
Жамбыл облысында өз қызын зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге жабылды