https://sputnik.kz/20250904/zhambyl-oblysynda-oz-qyzyn-zorlagan-er-adam-omir-boyyna-turmege-zhabyldy-56804589.html
Жамбыл облысында өз қызын зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге жабылды
Жамбыл облысында өз қызын зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге жабылды
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмеді, заң бойынша жаза тағайындауды сұрады 04.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-04T10:53+0500
2025-09-04T10:53+0500
2025-09-04T10:56+0500
жамбыл облысы
жасөспірім
заң бұзу
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36793266_0:98:2505:1507_1920x0_80_0_0_89052095dcd46bf5cf52ef4033367f5c.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында туған қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бар істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың 25 сәуірінде сотталушы Қордай ауылындағы өз үйінде алкогольдік масаң күйінде 2019 жылы туған қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.Сотталушының кінәсі айғақтармен, сарапшылардың қорытындыларымен, басқа да заттай дәлелдемелермен және істің құжаттарымен дәлелденді.Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.Сот моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250819/zhambyl-oblysynda-zhezdesi-baldyzyn-zorlagan-sot-ukimi-shyqty-56447568.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36793266_77:284:2428:2048_1920x0_80_0_0_a30d6c61c6ad01d4d8bea0ee933636c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жасөспірім, заң бұзу
жамбыл облысы, жасөспірім, заң бұзу
Жамбыл облысында өз қызын зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге жабылды
10:53 04.09.2025 (жаңартылды: 10:56 04.09.2025) Жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмеді, заң бойынша жаза тағайындауды сұрады
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында туған қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бар істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың 25 сәуірінде сотталушы Қордай ауылындағы өз үйінде алкогольдік масаң күйінде 2019 жылы туған қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Сотталушының кінәсі айғақтармен, сарапшылардың қорытындыларымен, басқа да заттай дәлелдемелермен және істің құжаттарымен дәлелденді.
"Жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмеді, заң бойынша жаза тағайындауды сұрады. ️Ал сотталушы кінәсін толық мойындады", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Сот моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.