Шетелге шыққан қазақстандықтардың басым бөлігі қай елде жұмыс істейді

102 мың адам Ресейде еңбек етеді
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Асқарбек Ертаевтың айтуынша, қазіргі кезде шетелде барлығы 126 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді.
Олардың ішінде:
102 мың адам Ресей Федерациясында еңбек етеді;
15 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда;
2 мың адам Ұлыбритания мен Еуроодақ елдерінде жұмыс істейді.
Бүгін сенат Қазақстан мен Қатар арасындағы келісімді де ратификациялады. Соның аясында қазақстандықтар араб елінде заңды түрде жұмыс істей алады.
Қазақстандықтар Қатарда жұмыс істей алады - тәртібі мақұлданды