Ресей Қазақстанға жаңа магистральдық газ құбырын тартады

Бұл туралы Ресейдегі XIV Санкт-Петербург халықаралық газ форумы кезіндегі екі ел өкілдерінің кездесуінде талқыланды
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Ресей Қазақстанға жаңа магистральдық газ құбырын тартпақ. Бұл туралы Ресейдегі XIV Санкт-Петербург халықаралық газ форумы кезінде айтылды.
Форум аясында "Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллер және Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр кездесті. Олар екі ел арасындағы газ саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Ресей Қазақстанға жаңа магистральдық газ құбырын тартпақ
Кездесуде тараптар Қазақстанның табиғи газға қажеттілігін ескере отырып, екі елдің ұзақ мерзімді әріптестік мақсаттарын атап өтті.

"Газды ұзақ мерзімді өңдеудің негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды. Құжат Орынбор газ өңдеу зауытының қуаттылығында Қарашығанақ кен орнының газ өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтарды көздейді", - деп хабарлады "Газпром".

Сондай-ақ, Ресейден Қазақстанға жаңа магистральдық газ құбырын салу жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды.
"Газпром" мен Қазақстан үкіметі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге 2023 жылы қол қойды.
Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі 9,2%-ға өсті