АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 9-10 қазанда Душанбеге барады.
Қазақстан президенті "Орталық Азия-Ресей" саммитіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Әңгімелесу барысында президенттер өзара іс-қимылдың барлық саласында оң динамика таныта отырып, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынастары жайында айтты.
Екі мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша алдағы қадамдарды талқылады.